11 айдың қорытындылары шықты

11 айдың қорытындылары шықты

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында  11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

Есептік кезеңде облыс экономикасы 18,9%-ға өсті. Негізгі салаларда да оң динамика байқалады: құрылыс жұмыстарының көлемі 26,2%, тұрғын үй құрылысы 5,1%, ауыл шаруашылығы 37,8%, ал инвестиция 5,3%-ға артты.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы салалық басқармаларға, аудандар және Петропавл қаласының әкімдеріне жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудағы жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын және бюджетті толық игеруді тапсырды.