СҚО әкімі кәсіпкерлермен кездесті

СҚО әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін кәсіпкерлер палатасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың өңірдің бизнес өкілдерімен кездесуі өтті. Мұндай жүздесу дәстүрлі түрде ашық диалог форматында өткізіліп, онда бизнесті дамыту мен шағын және орта бизнесті қолдаудың өзекті мәселелері талқыланады. Сұрақ-жауап форматы мемлекеттік органдар мен бизнес арасында сындарлы қарым-қатынас құруға  мүмкіндік береді.

Жиын барысында кәсіпкерлер өнімді экспорттау, қоғамдық көлікті дамыту, субсидиялау, туризмді қолдау, мектеп оқушыларының тамағын ұйымдастыру және басқа да тақырыптарды қамтыды. 

"Барлық қойылған сұрақтар назарға алынды. Біз өңір экономикасын дамытуға бағытталған бизнес бастамаларды белсенді түрде қолдауды жалғастырамыз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. 

Қатты су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсетілді. Олардан 3,3 млрд теңгеге 107 өтінім қабылданды.

Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктері табысты жұмыс істеуде. Субсидиялар, кепілдіктер, гранттық қаржыландыру және инфрақұрылым құру сияқты шаралар қарастырылған. Бұл мақсатқа облыста 267 миллиард теңге бөлінген. Бұл шаралардың тиімділігін статистикалық мәліметтер растайды: белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 35,9 мыңға дейін жетті немесе өсім 1,7%, өнім шығару 476 млрд.тг құрады.