ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-Министрі Р.А. Коняшкиннің халықпен кездесуі және Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарын қабылдау

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-Министрі Р.А. Коняшкиннің халықпен кездесуі және Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарын қабылдау

     ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің Вице-Министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 28 қазанда С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында сағат 15:00-да Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 16:00-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 25).

     Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-715-250-21-97  (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.

     Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.

     Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.