СҚО әкімі үлгілі ауылда болды

СҚО әкімі үлгілі ауылда болды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңіріміздегі үлгілі Полтавка ауылында болды. Жергілікті диқан Елтай Зікірин ауылды көркейтуге бар күш-жігерін салуда. «Полтавское» серіктестігі өз қаржысына балабақша, фельдшерлік-акушерлік пункт пен жұмысшыларына  арналған үйлер тұрғызды.

Қазір шаруашылық әкімшілік орталықты салып жатыр, онда округ әкімдігі, кеңсе, ардагерлер кеңесі және жас мамандарға арналған қонақүй орналаспақ. Қоғамдық монша да салынуда. Бюджет есебінен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, балалар мен спорт алаңы орнатылады. Оған қоса, ЖШС басшылығы жаңа сүт фермасын салуды жоспарлап отыр. Бұл ауыл тұрғындарына барлық жағдайды жасап отырған әлеуметтік бағыттағы бизнестің жарқын үлгісі.

Сондай-ақ өңір басшысы серіктестіктің астық қабылдау нысаны мен сүт фермасына барып, егіс алқабында ауданның  шаруаларымен кездесті. Қазір егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде өткізуге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілуде.