Қазақстан халқына» қоры мен СҚО әкімдігі тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салу туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан халқына» қоры мен СҚО әкімдігі тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салу туралы меморандумға қол қойды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстан халқына» қоры арасында «Солнечный – 2» шағын ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тұрғын үй салу туралы меморандум жасалды.

«Солнечный – 2» шағын ауданында қысқа мерзімде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайын инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі еліміз бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталатын болады. 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті.