СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеуі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеуі

Құрметті жерлестер!

Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіруде. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста жұмыс сапарымен екі рет Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектенов болды. Қазір облыста Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр тасқынға қарсы жұмыстарға басшылық етуде. Тұрғындардың өмірін сақтау - біздің басты міндет.