СҚО әкімі тікұшақпен су басу қаупі бар аумақтарды бақылады

СҚО әкімі тікұшақпен су басу қаупі бар аумақтарды бақылады

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облысымыздағы су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен бақылады. Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарында қар әлі көп болғандықтан, су басу қаупі сақталуда. Бұл аудандарда қар еруінің белсенді фазасы әлі басталған жоқ. Оған қоса, кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі орын алуы мүмкін.

Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарында да жағдай күрделі. Астана мен Ақмола облысының су қоймаларынан көп мөлшерде су келеді деп күтілуде.

"Қазір барлық ресурстар жұмылдырылды, күштер мен құралдар тобы құрылды, техника дайындалды. Өңірдегі өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау пункттері құрылды. Инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай және жүзу құралдары дайындалды. Жағдай менің жеке бақылауымда", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.