СҚО әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

СҚО әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жыл басы,  ізгілік пен жақсылықтың мейрамы, біздің халқымыз үшін жаңару кезеңі болып саналған.

Құрылтайда Мемлекет басшысы Наурыздың маңыздылығын ерекше атап өтті. Биыл ұлттық мереке ерекше форматта тойланды.  Наурызнама онкүндігі аясында көптеген шаралар өткізілді. Оның барлығы халқымыздың болмысын, мәдениетін, және салт-дәстүрлерін сақтауға бағытталған.

Жаңа жылымыз жақсылық әкелсін. Әр отбасыға береке мен молшылық, қуаныш пен бақыт тілеймін. Облысымыз бен еліміз өркендеп, дами берсін.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!