СКО әкімі ауылдарды электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірді

СКО әкімі ауылдарды электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірді

Депутаттар алдындағы есептік кездесуде Облыстағы ауылдарды электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін де айтып өттім. Өткен аптада күрделі ауа райы жағдайы орын алып, 183 ауыл жарықсыз қалған еді.

Барлық қызметтерді біріктірген арнайы штаб жұмыс істеуде. Әлеуметтік нысандар бақылауға алынып, үздіксіз жылу беру үшін қосымша электр көзімен қамтылды. Бүкіл Мағжан Жұмабаев ауданы жарықсыз қалып, ауылдарды уақытша РФ арқылы және Ақмола облысынан электр қуатымен қамтамасыз еттік.

Қазір «Севказэнерго» және «Көкшетау энерго» кәсіпорындарының жөндеу бригадалары өңірдегі 40 ауылда жұмыстар жүргізуде. Бұл мәселе жеке бақылауымда.