СҚО әкімдігінде бизнес және қоғам өкілдерімен кездесу өтті

СҚО әкімдігінде бизнес және қоғам өкілдерімен кездесу өтті

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов пен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.

Жиында шағын және орта бизнесті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру арқылы қолдау шаралары талқыланды.

Оған қоса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тақырыбы да талқыланды. Бұл бағытта облыс әкімдігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесе жүйелі жұмыстар атқаруда.

Сондай-ақ шақырылғандар ведомстволардың жұмысына қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.