Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қуаныш» волейбол клубының спорт кешенін аралау барысында волейболшылармен және бапкерлер құрамымен кездесті. Өңір басшысы спортшыларды Қазақстан кубогын жеңіп алуымен құттықтап, келесі аптада осында өтетін Суперкубок ойынында жеңіс тіледі.
Сондай-ақ өңір басшысы қаламыздың көрікті жері – сирек ағаштар мен өсімдіктер өсетін ботаникалық баққа да барды.
"Біз осы бірегей нысанды сақтау үшін қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз", — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желілерде.