Бүгін салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті. Қазір өңірде агроөнеркәсіп кешенінде елеулі өзгерістердің орын алып жатқаны шаруалардың тынымсыз еңбегінің арқасы.
Облыста 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы бар, салада 90 мың адам жұмыспен қамтылған. Биыл қиындықтарға қарамастан, диқандарымыз жақсы өнім алып, астықты қамбаға басты. Соңғы үлгідегі технологиялар қолданылып, жоғары өнімді техника алынуда. Облыс бойынша заманауи сүт кешендері, құс фабрикалары және қайта өңдеу кәсіпорындары ашылуда.
«Аграрлық саланың өркендеуіне елеулі үлесін қосып жатқан ауыл еңбеккерлеріне ризашылығымды білдіремін. Сіздер еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келесіздер. Ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отыра, отбасыларыңызға береке мен молшылық тілеймін. Келер жыл табысты әрі өнімді болсын!», — деді өңір басшысы.