СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің ақсақалдарымен кездесті

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің ақсақалдарымен кездесті

«Халықаралық қарттар күні қарсаңында өңірдің ардагерлерімен кездесіп, ақсақалдарымыздың батасын алдым. Кездесу барысында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғап, экономиканы дамыту бойынша жоспарлармен бөлістім. Осы орайда өмірлік тәжірибесі мол ардагерлердің ақыл-кеңестері біз үшін аса маңызды. Кездесуде аға буын өкілдері ізгі тілектерімен қатар, өздерінің ұсыныстарын да жеткізді. Бірлескен жұмыстың арқасында біз өңірді одан әрі дамыта аламыз», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.