Кәсіпкерлермен кездесу

Кәсіпкерлермен кездесу

СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Аймақ басшысы кәсіпкерлікті дамытуда оң динамика бар екенін атап өтті. 2021 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,5 мыңға өсіп, 34,7 мың субъектіні құрады. Шағын және орта бизнесте 106 мың адам, яғни облыстың еңбекке қабілетті әрбір үшінші тұрғыны жұмыс істейді. 5 жылда өнім шығару 2,7 есеге өсті.

Кездесу барысында өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, түйткілді мәселелер қаралды.