СҚО әкімі ерекше балалармен кездесті

СҚО әкімі ерекше балалармен кездесті

«Бүгін «Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болдым. Мұнда облысымыздың аудандарынан келген 12 бала көмек алуда», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Орталықта балалар үшін барлық жағдай жасалған. Оңалту қызметтеріне медициналық массаж, физиотерапия жаттығулары, логопед пен психологтың қатысуымен өтетін сабақтар кіреді. Балалар шығармашылықпен және вокалмен айналысады, спортта өздерін көрсетуде.

«Жақында «Арман» балалар орталығына көтергіш механизмі бар арнайы автобус сатып аламыз. Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуді және олар үшін сапалы инклюзивті ортаны құруды жалғастырамыз», — деді өңір басшысы.