СҚО әкімі балаларды мерекемен құттықтады

СҚО әкімі балаларды мерекемен құттықтады

«Өңіріміздің жас тұрғындарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ел болашағы сіздердің қолдарыңызда, біз өскелең ұрпақтың бақытты болып өсіп, өз мүмкіндіктері мен әлеуетін іске асыруы үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Біздің балалар өте талантты әрі жан-жақты. Көбісі спортта, музыкада, өнерде және ғылымда өздерін танытып үлгерді. Сіздердің алар асуларыңыз алда, болашақта әлі талай жетістіктер күтіп тұр. Барлық талпыныстарда сәттілік пен сенімділік жолдас болсын. Еліміздің бетке ұстар азаматтары болуға тілектеспін», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.