СҚО әкімі қуғын-сүргін құрбандары ескерткішіне гүл шоғын қойды

СҚО әкімі қуғын-сүргін құрбандары ескерткішіне гүл шоғын қойды

«31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бүгін облыс жұртшылығымен бірге саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойдық. Бұл күні еліміздің қасіретті кезеңінде жазықсыз жапа шеккендерге тағзым ету – әр адамның парызы. Бүгінгі ұрпақтың басты мұраты – барлық құрбан болғандардың жеке тарихын зерттеп, әділеттілік орнату. Тоталитаризм мен ашаршылықтың жазықсыз құрбандары туралы естелікті сақтай отырып, еліміздің бірлігін одан әрі бекемдей аламыз», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.