Президент Солтүстік Қазақстан облысында болды

Президент Солтүстік Қазақстан облысында болды

Бүгін облысымызда жұмыс бабымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Президент сүт фермасы және қағаз өнімдерінің фабрикасына барды. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарының барысымен  танысып, диқандармен тілдесті. Мемлекет басшысы жергілікті университеттің оқу-зертханалық корпусы мен қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимаратында болып, зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділерімен кездесті.