Облыс әкімі Айдарбек Сапаров пен мәслихат депутаттары Горький көшесінің бойындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын және Брусиловский көшесінің бойындағы саябақтың ретке келтірілуін тексерді. Аймақ басшысы жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтті.
Жалпы, соңғы жылдары облыс орталығындағы көшелерді жөндеуге қаржы жеткіліксіз болғанын айта кеткен жөн. 5 жыл ішінде қала жолдарын жөндеуге шамамен 300-400 миллион теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі ескі үйлерді сүруге жұмсалды.
Биыл облыс басшылығы қала жолдарын жөндеу көлемін 6 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Орталықта, Жұмысшы кентінде, Ойқала мен 20-шы ықшам ауданда 20-дан астам көшені орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда.
Мамыр айының басында 4 көшені жөндеу басталды. Конкурстық рәсімдер аяқталған соң басқа көшелерде де жөндеу басталады.