Құрылтайшылар жылу стансасын жөндеуге қаржыны өсіреді

Құрылтайшылар жылу стансасын жөндеуге қаржыны өсіреді

«Бүгін өңірге менің шақыруыммен «ЦАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Севказэнерго» АҚ құрылтайшысы Сергей Кан келді. Кездесу барысында ЖЭО-2 және жылу желілерін жаңғырту бағдарламасы талқыланды», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алғашында құрылтайшылар станса қондырғыларын салу және жөндеуге 6 млрд теңге бөлуді жоспарлаған еді. Жиында Сергей Кан бұл соманың 9 млрд теңгеге дейін өскенін айтты. Аталмыш қаржыға қазандықтар жөнделіп, жаңа мұржа салынады.

Тағы 3 миллиард теңге жылу және электр желілерін жаңартуға бағытталады. Жалпы, биыл құрылтайшылар компанияның өз қаражатынан 12 млрд теңге бөледі.

«Біз үшін басты міндет - кезекті жылыту маусымын үздіксіз өткізу», — деді өңір басшысы.