
«Алдын ала міндетті медициналық қарап – тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін медициналық денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының көрсетілген құжаттар топтамасын ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі құжаттар топтамасын тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны медициналық қарап-тексеруден өту үшін мамандарға жібереді.
Бейінді мамандар көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайына медициналық қарап-тексеру жүргізеді. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты медицина қызметкері бейінді мамандар қорытындыларының нәтижелерін және зертханалық-аспаптық тексеру нәтижелерін қорытындылайды және денсаулық жағдайының нәтижелері туралы қорытынды шығарады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету дәрежесі туралы деректерді заңға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.