СҚО әкімі АҚШ елшісімен кездесті

СҚО әкімі АҚШ елшісімен кездесті

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет және кәсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Аймақ басшысы американдық инвесторларды Солтүстік Қазақстан облысында жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Бүгінгі таңда солтүстік өңірде халықаралық ынтымақтастық үшін бар жағдай жасалған.