СҚО әкімі: «1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі»

СҚО әкімі: «1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі»

Бұл жайында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Оқушылар мен олардың ата-аналарына жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарының бастауыш сынып оқушылары қамтылады. Осының арқасында ата-аналар отбасы бюджетін үнемдей алады. Қазір облыста аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылғанын атап өткім келеді», — деп жазды өңір басшысы.