СҚО әкімі: «Петропавлдың 18 көшесі жөнделеді»

СҚО әкімі: «Петропавлдың 18 көшесі жөнделеді»

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров қала көшелерін аралап, оның барысында облыс орталығының жолдарын жөндеу жоспарын жариялады.

«Қаланың 18 көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Негізгі 6 көшеде орташа жөндеу жасалады. Қалған көшелерде – ағымдағы жөндеу. Ең бастысы, жауапты мердігерлер болуы керек. Жұмысты сапалы атқарулары тиіс, күнделікті бақылауда ұстау керек», – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.