Су тасқынынан қорғау шаралары

Су тасқынынан қорғау шаралары

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылап, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын тексерді.

Өңір басшысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы, облыс орталығының Былғары зауыты ауданындағы, Ущев көшесінің бойындағы және Заречный ауылындағы бөгеттердің жағдайын тексерді.

Облыс әкімі су тасқынына қарсы шараларды дер кезінде жүргізіп, гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді тапсырды.