СҚО әкімі Наурыз мейрамына қатысты

СҚО әкімі Наурыз мейрамына қатысты

«Бүгін қаламыздың басты алаңында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік шара өтті. Солтүстікқазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Басты алаңға жиналған жұртшылықты жаңа жылымызбен құттықтап, ізгі тілектерімді жолдадым», - деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамының мәртебесі өсіп, ауқымы кеңейіп келеді. Тәуелсіздік жылдарында жалпы ұлттық және ортақ мерекеге айналды. Бәріміз Наурыз мерекесін бір шаңырақтың астында тойлап келеміз. Ұлыстың ұлы күні – бірлігіміздің көрінісі және татулығымыздың белгісі.

«Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын!», - деді өңір басшысы.