Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу барысындағы энергия және байланыспен қаматамасыз ету, сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздік пен күзетті ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Бұл шараға СҚО Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы өкілдері, сондай-ақ «Севказэнерго», «СКРЭК», «Қазақтелеком» компанияларының мамандары қатысты. Жиында уәкілетті органдарға дауыс беру күні туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу маңыздылығы түсіндіріліп, атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

 Сондай-ақ, жиында Ғабит Мүсірепов атындағы, Ақжар, Жамбыл және Аққайың аудандарындағы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары учаскелік сайлау комиссияларының әзірлігі жөнінде есеп берді.