СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері ұлттық киім киді

СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері ұлттық киім киді

Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына арналған мерекелік апта басталды. Өңірде бір апта бойы мерекелік шаралар өтетін болады.

Наурыз мерекесіне орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері жұмысқа ұлттық киіммен келді. Оюмен өрнектелген қазақтың шапаны мен қамзолын кию жақсы дәстүрге айналды. Осылайша солтүстік өңірдің мемлекеттік қызметшілері ұлттық мәдениетке құрмет көрсетіп, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мерекелік көңіл-күй жасады.