СҚО әкімі мектептерді арнайы күзетпен қамтамасыз ету үшін байқауларды жедел өткізуді тапсырды

СҚО әкімі мектептерді арнайы күзетпен қамтамасыз ету үшін байқауларды жедел өткізуді тапсырды

Жедел кеңесте әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны ұстау және тұрақтандыру қорының мәселелері қаралды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров 2019 жылмен салыстырғанда тұрақтандыру қорының айналым қаражаты 300 миллион теңгеден 3,6 миллиард теңгеге ұлғайғанын атап өтті. Бірақ қазір 37 сауда орнын ғана қамтып отыр. Облыс әкімі қамтуды жиілетіп, өніммен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ аймақ басшысы қарақұмық егіс алқабын 3 есеге ұлғайтып, дәнді дақылдарды өңдейтін бірнеше кәсіпорын ашуды тапсырды.

Сонымен қатар, жедел кеңесте тұрғындардың табысын өсіру мәселелері де талқыланды.

Облыс әкімі бірінші жартыжылдықта зауыттардағы бос жұмыс орындарын азайтуды тапсырды. Қазір дәнекерлеушілер мен токарлар жетіспейді. Құрылыс саласында да мамандар тапшы. Тас қалаушыларды қайта даярлау үшін қысқа мерзімді курстарды өткізу қажет.

Сондай-ақ мектептегі оқыс жағдайдан кейін облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді.

«Аудан әкімдеріне мектеп директорларымен кеңес өткізуді тапсырамын Барлық мәселелерді қатаң бақылауда ұстаңыздар. Мектептерді арнайы күзетпен қамтамасыз ету қажет. Барлық байқауларды жедел өткізіңіздер», — деді Айдарбек Сапаров.