Жатақхана, медорталықтар, мектептер: Алтай Көлгінов СҚО-ғы республикалық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Жатақхана, медорталықтар, мектептер: Алтай Көлгінов СҚО-ғы республикалық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен және «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», ​​«Жайлы мектеп» ұлттық жобаларының іске асуымен танысты. Ұлттық жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

Вице-премьер Алтай Көлгінов шағын несиелеу бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Өңірде азаматтардың өз ісін ашу және дамыту бойынша кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 3 жылда бұл мақсаттарға 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бизнес ашуға 1000 өтінімге қолдау көрсетілді. Биыл жастардың өз ісін ашуына 650 миллион теңгенің 130 шағын несиесі бөлінді.

 Петропавлда Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов «Жас Өркен» шағын ауданындағы биыл пайдалануға берілетін жаңа емхананың құрылысымен танысты. «Береке» шағын ауданында тағы бір емхана салынуда. Сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында 46 медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл ФАП, дәрігерлік амбулатория және медициналық пункттер. Кішкенекөл ауылында да жаңа емхананың құрылысы жоспарлануда. Жалпы, еліміздің аймақтары мен шалғай ауылдарда 2023-2025 жылдар аралығында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған 650-ден астам медициналық нысан салынып, 30-дан астам емдеу мекемесіне күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Сапар барысында Алтай Көлгінов  68 заманауи зертханамен жабдықталған М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың жаңа оқу-зертханалық корпусында болды. Өткен жылы Аризона университетімен бірігіп қос дипломды оқу бағдарламасы іске қосылды. Халықаралық бағдарлама бойынша әр қаладан 155 студент білім алуда. Студенттер үшін 1700 орындық жаңа жатақханалар салынуда. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавлда 4 мектептің құрылысы басталады.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Қызылжар ауданы, Чапаево ауылындағы «Қызылжар сүт» ЖШС сүт-тауарлы фермасында да болды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, соңғы жылдары өңірде заманауи 30 сүт кешені салынған. Мысалы, 2022 жылы 10,5 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Жалпы, 2026 жылға қарай Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығында 141 миллиард теңгенің 72 жобасы жүзеге асырылады. Бұл –  сүт фермаларының, етті құс фабрикаларының, майды экстракциялау  зауытының және жылыжай кешендерінің құрылысы. 4 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Бұған дейін Алтай Көлгінов Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау және Ақмола облыстарында болып, облыс әкімдіктеріне республикалық жобаларды сапалы жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берген болатын.

https://primeminister.kz