Петропавлда аумақтық сайлау комиссияларының басшыларына арналған семинар кеңес өтті

Петропавлда аумақтық сайлау комиссияларының басшыларына арналған семинар кеңес өтті

Бүгін Петропавл қаласында СҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізуге арналған семинар-кеңес өтті.

Бұл шараға өңірдегі аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты. Жиында алдағы саяси науқанда барлық жұмыс сайлау туралы заңнама талаптарына сай өрбуі қажет екендігін ескертілді. Сондықтан семинар барысында комиссиялар қызметін ұйымдастыру, олардың өкілеттіліктері, сайлау проццесіне қатысушыларды оқыту, кандидаттармен байланыс, комиссиялар жұмысындағы жариялылық және саяси партиялар және байқаушылармен өзара іс-қимыл тетіктері талданды. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі комиссия мүшелерінің біліктілігін одан әрі жетілдіре бермек.