СҚО әкімі Айдарбек Сапаров су құбырының жөндеу жұмыстарын өзі қадағалады

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров су құбырының жөндеу жұмыстарын өзі қадағалады

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров үшін бірінші жұмыс күні Петропавлдағы су құбыры жарылған жерге барып, жөндеу жұмыстарын өзі қадағалады. Облыс әкімі апат салдарын жедел жою үшін барлық техника мен бригадаларды жұмылдыруды тапсырды.

Мамандар қысқа мерзімде су құбырын жөндеу жұмыстарын аяқтап, жақын маңдағы 9 үйдің тұрғындарына су беру қалпына келтірілді.

Учаскеде 3 бригада жұмыс істеді, шамамен 20 адам. Жұмысқа 4 апаттық техника, 2 кәріздік көлік, экскаватор және трал тартылды.

Сондай-ақ көпқабатты үйлердің тұрғындарына су жеткізу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қала көшелеріндегі апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілді. Көшелер мұздан тазартылған соң құм-тұз қоспасы төселді.