СҚО әкімі жылу электр стансасында болды

СҚО әкімі жылу электр стансасында болды

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров ЖЭО-2 жұмысын тексерді. Аймақ басшысы стансаның жұмысы мен жабдықтардың жай-күйін тұрақты бақылауда болу керек деді.

Сондай-ақ облыс әкімі стансаға көмірді үздіксіз жеткізуді, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердегі температуралық режимді күн сайын тексеріп, жылу желілерінің жағдайын үнемі тексеріп отыруды тапсырды. Бұл облыс орталығы мен аудандарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажет.