СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желіде алғашқы жазбасын жариялады

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желіде алғашқы жазбасын жариялады

«Қымбатты жерлестер! Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалдым. Зор сенім білдірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен қолдау танытқан облыстық мәслихат депутаттарына алғыс білдіремін. Өзімнің туған жерімде адал еңбек етіп, облысты дамытуға бар күш-жігерімді саламын. Президент өңірдегі экономикалық және әлеуметтік саланы дамыту бойынша үлкен міндеттер қойды. Біздің басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту. Осы бағытта бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз», — деп жазды Айдарбек Сапаров Фейсбук пен Телеграмда жарияланған постта.