Повозочное ауылында хоккей кешені салынуда

Повозочное ауылында хоккей кешені салынуда

«Николай Луговой үшін Повозочное (Шал ақын) туған ауылы. Ол мұнда оқыды, тракторшы болып жұмыс істеді, жеке шаруашылығын құрды. Қазір «Агросевер» озық кәсіпорын, мал шаруашылығын дамытуда. Биыл жақсы көрсеткіштер бар, өнімділік гектарына 24 центнерді құрап отыр», - деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Повозочное ауылының болашағы зор. Мұнда экономикалық белсенді халықтың саны 427 адам болса, оның ішінде 212 адам жұмыс істейді. Шаруашылық жұмысшыларының жалақысын 22 %-ке көтерді.

Серіктестік 90 млн теңгеге жабық хоккей кортын салып жатыр. Хоккей алаңының орнына жаңа спорт нысаны пайда болады. Дәл осы жерде конькимен жүгіруден әлем чемпионатының және әлем кубогының жүлдегері Инесса Шүмекова жаттықтырушы анасымен бірге жаттыға бастағанын айтып өткен жөн. Жабық корт жаңа чемпиондарды өсіруге мүмкіндік береді.

«Повозочное ауылында мемлекет есебінен атқарылған істер де аз емес. 5 жыл ішінде бюджеттен 102 млн.тг бөлінді. Ауылда 11 көшенің сегізіне жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық көшелерге жарықтандырылды. Келесі жылы орталық су жүйесін жүргізе бастаймыз», - деді өңір басшысы.