СҚО-да ағаш кесу оқиғасынан кейін жер телімдеріне ревизия жүргізіледі

СҚО-да ағаш кесу оқиғасынан кейін жер телімдеріне ревизия жүргізіледі

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов әкімдік отырысында Петропавл маңындағы ағаштарды кесу өрескел жағдай екенін атап өтті.

Бұл жер телімінің тарихы 16 жылдан бері жалғасып келеді. Айта кету керек, бұл жер иесінің ағаштарды кесуге құқығы болмаған. Кәсіпкер қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде ағаш кесуге рұқсат алмаған.

Бас жоспарға сәйкес, жер телімінде қайың ағаштары болу қарастырылған. Алдын ала келтірілген шығын – 41 млн теңге.

Петропавл полицейлері ағаштарды кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Біз барлық әрекеттердің заңдылығын мұқият тексеруіміз керек. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін жасыл желектер бар жер учаскелеріне ревизия жүргізу қажет», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.