СҚО әкімі Қарағаш тұрғындарымен кездесті

СҚО әкімі Қарағаш тұрғындарымен кездесті

«Бүгін Тайынша ауданы, Қарағаш ауылының тұрғындарымен кездестім. Ауылдықтармен өзекті мәселелерді талқыладық. Ауылда кіреберіс жолды, су тарату желілерін жөндейміз. Диқан Сергей Звольский де ауылды көркейтуге атсалысуда», - деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Астық СТЭМ» ЖШС Қарағашта 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз ететін сүт фермасын салуда. Серіктестіктің ауданда 5 көкөніс қоймасы бар. Шаруашылықта тамшылатып суару әдісі қолданылып, шығымдылық бірнеше есе өсуде. Биыл бір гектардан 80 тонна сәбіз, 35 тонна картоп жиналды. Бір маусымда 80 адам көкөніс өсірумен айналысады.

Ауданда Тайынша мен Вишневкада екі мектеп салынуда. Сонымен қатар, қаладағы «Береке» ықшамауданында мектеп-интернатының құрылысы басталды. Алдағы жылдары облыста барлығы 6 мектеп салынады.