СҚО-да биыл 11 мың жұмыс орны құрылды

СҚО-да биыл 11 мың жұмыс орны құрылды

«Бүгiн облысымызға жұмыс сапарымен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова келдi. Iс-сапар аясында халықтың табысын өсiру және жұмыспен қамту әңгiме арқауына айналды», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Ооблыста биыл 13 мың жұмыс орнын құру жоспарда бар. Бүгiнгi күнге дейiн 11 мың жұмыс орны құрылды. Оның 72%-i тұрақты жұмыс орындары.

Жастарды еңбекпен қамту «алғашқы жұмыс орны», «жастар тәжiрибесi» және «ұрпақтар келiсiм шарты» жобалары аясында жүзеге асуда. Жыл басынан берi 3,5 мыңнан астам жас азамат жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейiн бұл меже 6 мыңға дейiн жетедi.

Кәсiпкерлiктi дамытудың Ұлттық жобасының аясында тұрғындарды жұмыспен қамту үшiн қаржыландыру 4 есе өстi, 1,4 млрд. теңгеден 6 млрд.теңгеге дейiн.