СҚО әкiмi Ақжар ауданында 3 ауылдың тұрғындарымен кездестi

СҚО әкiмi Ақжар ауданында 3 ауылдың тұрғындарымен кездестi

«Бүгiн Ақжар ауданында Алқатерек, Дәуiт және Ленинградское ауылдарының тұрғындарымен кездестiм. Сұрақтарға жауап берiлдi, өзектi мәселелердiң шешу жолдарын қарастырдық», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Қазiр ауданда жөндеу және құрылыс жұмыстары қызған. 6 ауылдың жолдарына асфальт төселуде. Оның iшiнде Ұялы, Дәуiт, Ленинградское, Талшық, Киевское, Горьковское бар.

Көптен берi халықтың көкейiнде жүрген Дәуiт пен Ленинградское арасындағы 12 км жолды жөндеу жұмыстары бiтуге жақын.

Үлгiлi, Ақсары, Баймырза, Горьковское, Ленинградское және Ұялыда сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргiзiлуде.