Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының халқымен кездесуi

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының халқымен кездесуi

Алдын-ала сауалдар беру үшiн «Сұрақ-жауап» бөлiмiндегi «Сұрақ қою» түймешiгiн басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет.

2022 жылғы 25-27 тамыз күндерi Төтенше жағдайлар министрi Юрий Ильин Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.

Министр облыстың тұрғындарымен, кәсiпкерлермен кездеседi, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.

Сонымен қатар Министр брифингке қатысып, министрлiктiң қызметiне қатысты сұрақтарына жауап бередi.

Азаматтардың сұрақтарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), dchs_sko@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргiзiледi. Сұрақтар 2022 жылғы 25 тамызға дейiн қабалданады.

Тiркелу кезiнде аты-жөнiн, сауалын және байланыс дерегiн (ұялы байланыс нөмiрi) жазып қалдыру қажет, «2022 жылғы 26 тамызда халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн.

Жеке қабылдауға жазылу үшiн 8-7053156591 (WhatsApp) және 52-26-24 телефондары бойынша хабарласыңыздар.