Әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары елге оралды

Әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары елге оралды

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Sensitive» би ансамблi бүкiл әлемдi бағындырды. АҚШ-та өткен сахналық өнерден әлем чемпионатының жеңiмпаздары елге оралды. Ансамбль ұжымына әлемдiк аренадағы үлкен табысы үшiн алғыс айтамын. Ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсiмен марапатталды», — дедi өңiр басшысы.

Гран-при, қазылар алқасының және көрермендердiң жоғары бағасы — күнделiктi тынымсыз еңбектiң жемiсi. Бишiлерiмiздiң жеңiсi Солтүстiк Қазақстан жерiнiң таланттарға бай екенiн тағы бiр дәлелдедi.