Благовещенка ауылының мәселелерi талқыланды

Благовещенка ауылының мәселелерi талқыланды

«Благовещенкадағы (Жамбыл ауданы) мәдениет үйiнде тұрғындармен бiрге ауылдың мәселелерi мен болашағын талқыладық. 655 млн теңге. Бұрынғы аудан орталығындағы инфрақұрылымдық мәселелердi шешуге 5 жылда осыншама қаражат бөлiндi», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Осы кезеңде мектеп, мектеп-интернат, бөбекжай, балабақша, дәрiгерлiк амбулатория, мәдениет үйi күрделi жөндеуден өттi. Су мұнарасы орнатылып, 9 км су құбыры желiлерi жөнделдi. 172 үйге су тартылды. Ауылдағы 11 км жол жөндеуден өттi, биыл тағы 8 км жол қамтылмақ. Бұл мақсатқа 183 миллион теңге бөлiндi.