Қызыләскер ауылының тұрғындарымен кездесу

Қызыләскер ауылының тұрғындарымен кездесу

«Мамлют ауданы, Қызыләскер ауылында тұрғындармен кездесу өтті. Ауылда  маңызды мәселелер шешілуде. 5 жыл ішінде округті дамытуға бюджеттен 627 млн ​​теңге бөлінді», - деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ауылда мектеп пен клуб күрделі жөндеуден өтті. Ұялы байланыс мұнарасы орнатылды. 380 млн теңгеге "Қызыләскер-Раздольное" жолына орташа жөндеу жүргізілді.

Өткен жылы Қызыләскер Преснов топтық су құбырына қосылды. Су резервуары салынды. Бүгінде 50 үйге су тартылды, жұмыс жалғасады. Жиын барысында ашық диалог өтіп, ауыл тұрғындарының барлық сауалдары мен ұсыныстары ескерілді.