СҚО әкімі Мағжан туралы сериалдың түсіру тобымен кездесті

СҚО әкімі Мағжан туралы сериалдың түсіру тобымен кездесті

«Бүгін Мағжан Жұмабаев туралы тарихи сериалдың түсіру тобымен кездестім. Басты ролдерді белгілі актерлер Меирғат Амангелдин мен Азамат Сатыбалды сомдауда», - деп жазды облыс әкім әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сериалды түсіру үшін өңір бойынша 56 локация таңдалып, облысымыздың тарихи жерлері көрсетіледі. Мағжан бүкіл Қазақстан үшін ұлы тұлға. Еліміздің көрермендері осы туынды арқылы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын танып біледі. Мағжанның 130 жылдығы қарсаңында бұл сериал баршаға рухани азық болары анық.