Айыртау ауданына жеке колледж ашылады

Айыртау ауданына жеке колледж ашылады

Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жазды.

Өңір басшысы Айыртау ауданында әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды жөндеу науқанының барысын бақылады.

Ауданда биыл 3 мектеп, 2 мәдениет үйі жөнделуде. Арықбалық ауылының тұрғындары жаңарған мәдениет үйіне бармақ. Екі ауылда тарату желілері бар жергілікті су құбырын тарту жоспарлануда.

Антоновка ауылында ішкі жолдар жөнделуде. Елді мекеннің жанында сүт фермасының құрылысы аяқталып, малдың алғашқы легі күзде келеді. Ауданда 4 ауылға ішкі жолдар салынады. 20 шақырымды құрайтын "Саумалкөл-Сырымбет" жолына жөндеу жүргізіледі.

Айыртау ауданы – облысымыздың туристік орталығы. 5 жыл ішінде жеке инвестиция есебінен 12 демалыс орны салынды. «Шалқар су» шипажайын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

«Төменгі Бұрлық ауылының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Сұрақ-жауап форматында ауылдың өзекті мәселелерін талқыладық, міндеттер айқындалды», - деп жазды өңір басшысы.  

Биыл Төменгі Бұрлық ауылына жедел жәрдем көлігі сатып алынып, жолаушылар көлігі жолға шығады. Сондай-ақ келесі жылы жолды және су желісін жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) бұрынғы Лобанов колледжінің ғимаратын алып, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары бар жаңа колледж құрылады. Студенттер континенті - 800 адам болады. Күрделі жөндеуге 160 миллион теңге бөлінсе, қондырғы алуға 140 млн.тг бағытталады. 25 тұрақты жұмыс орны құрылып, 100-ге дейін өседі.