СҚО-да кеңес органдарын қысқарту

СҚО-да кеңес органдарын қысқарту

Осы жылдың сәуiр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттiк аппараттың қызметiн бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды. Шаралардың бiрi Үкiмет, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың (ККО) санын екi есеге қысқарту болып табылады.

Осы тапсырма шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi тұрақты жұмыс iстейтiн ККО-ға аудит жүргiздi, оның қорытындысы бойынша оларды оңтайландыру және қысқарту туралы шешiм қабылданды. Осылайша, қолданыстағы 33 ККО-ның тек 17-сi ғана жұмысын жалғастырады.