Солтүстiкқазақстандықтар «Қуаныш» волейбол клубына қошамет көрсеттi

Солтүстiкқазақстандықтар «Қуаныш» волейбол клубына қошамет көрсеттi

«Волейболшыларымыз үйге оралып, Азия кубогын алып келдi. Бүгiн спорт қауымымен бiрге Азия чемпионы «Қуаныш» волейбол клубына қошамет көрсеттiк. Бiздiң қыздардың жеңiсi  — Азия құрлығында спорт сенсациясына айналды. Негiзгi қарсыласпен өткен «валидолды финал» және «сенсациялық камбек» жанкүйерлердiң есiнде ұзақ сақталары анық. Бұл жеңiс — заңды құбылыс, өйткенi облыста волейбол дамып келедi, волейболшылардың жас буыны өсуде», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

«Қуаныш» — Азиядағы ең үздiк әйелдер волейбол клубы атағына ие. Ендi команда клубтар арасындағы әлем чемпионатында бүкiл Азия құрлығының намысын қорғайды.

«Бiздiң командаға әлемдiк аренада әдемi жеңiстер мен позитивты эмоциялар тiлеймiн. Бүкiл Солтүстiк Қазақстан сiздерге жанкүйер болады», — деп жазды өңiр басшысы.