СҚО әкiмi: «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды»

СҚО әкiмi: «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды»

Солтүстiкқазақстандықтар ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнiн тойлауда. Биыл диқандар қамбаға 5,1 млн. тонна астық құйды. СҚО — әртараптандыру саласында көшбасшы.

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бiз мол астық жинадық. Гектар басынан 18 центрнер алынды. Бұл диқандардың қажырлы еңбегiнiң жемiсi. Осылайша, елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуде», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы 60 шақты агроөнеркәсiп саласының мамандарына марапат жасады.