Бүгін жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының алқа отырысында жұмысты қорытындылап, биылғы жылдың жоспары талқыланды.
Өңір бойынша жол жөндеу бойынша бірқатар жобалар жүзеге асуда.
Биыл «Дәуіт-Кішкенекөл», «Волошенка-Сергеевка-Тимирязево», "Сергеевка-Николаевка", "Каменнный брод-Ақмола облысына дейінгі" жолдарды жөндеу басталмақ. Былтыр 44 ауылдағы жолдар жөнделді, биыл бұл жұмыс жалғасын табады.
«Жолаушылар тасымалы мәселесін талқыладық. Қазір облыста 93 ауылдың тұрғындары автобус маршруттарымен қамтамасыз етілмеген. Бұл мәселені шешу үшін қосымша 180 млн.тг бөлеміз. Атап өтетін жәйт, 2017 жылдан бері қалалық және облыс ішілік маршруттарда жол жүру ақысы көтерілген жоқ», - деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.