Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
Жыл сайын орман шаруашылықтары жаңа техникамен толығып отырады. 4 жыл iшiнде жаңартуға 420 млн.теңге бағытталды. 29 бiрлiк өрт сөндiру машинасы, тракторлар мен патрулдеуге арналған көлiктер алынды. Техникамен қамтамасыз етiлу — 14 процентке өстi.
«Осы жұмыстардың барлығы орманды сақтауға және көбейтуге бағытталған. Соңғы 5 жылда облыста 16 млн ағаш отырғызылды. Бұл кесiлген ағаштардан екi есе көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елiмiздi жасылдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргiзуге тапсырма бердi. Елiмiзде бес жылда 2 миллиард ағаш егiлмек. Облыста 100 миллион ағаш көшетiн егу жоспарда бар», — деп жазды өңiр басшысы.